Жас суретшінің алғашқы көрмесі

(0 Votes)

Жамбыл ауылындағы Панфилов орта мектебінде «Әлемге бала көзімен» атты 10 сынып оқушысы Аружан Шахидоллаеваның сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Алдымен аталмыш білім ошағының директоры Айбек Өтепов келген қонақтарға қош келдіңін айтып, балаларды қолдау, қорғау жылының аясында аталмыш шара облыс өңірінде алғаш рет өткізіліп отырғанын тілге тиек етті. Осы бастаманы қолға алған кезде оны бірден мақұлдаған аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаеваға, демеушілік танытқан жергілікті кәсіпкерлер Болатбек Дәрелов, Бақытжан Жұбаниязов, Есқабыл Дарғожинге алғысын білдірді. Аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, дарынды оқушының өнерін көпке танытып, тағылымды шара өткізгендері үшін мектеп әкімшілігіне үлкен ризашылығын білдіріп, жас қылқалам шеберінің болашағының жарқын болуын тіледі.

suret-krmesi_jpg4

Көрме алдына керілген лентаны аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Әдебиетқызы, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева, мектеп директоры Айбек Өтепов қиды. Аружан алғашқы көрмесіне 20-дан астам сурет салған. Туындыларынан оның шеберлігін ғана емес, табиғатқа таңданысын, болашақ арманын, туған жерге деген сүйіспеншілігін аңғаруға болады. Жас суретші келген көрермендерге шығармашылығын таныстырды. Өнерге шексіз ғашық жанның талабы мен талантына тәнті болдық.

suret-krmesi_jpg2

suret-krmesi_jpg1

Ұсынылған жұмыстар әртүрлі стильдер мен жанрларда орындалған. Аружанның көздің жауын алар төл туындыларымен танысқаннан кейін Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Таңатар Дәрелов, қылқаламмен жұмыс жасап қалыптасуына үлес қосқан алғашқы ұстазы Шайдолла Ғаниев, бастауыштағы сынып жетекшісі Райса Наурызғалиева, ата-әжесі Шахидолла-Мақпал, аудандық ата-аналар кеңесінің төрайымы Ұлмекен Сапарова сөйлеп, жас суретшіге жүрекжарды лебіздерін арнады. Аружан бұған дейін республикалық, облыстық, аудандық сурет байқауларында жеңімпаз атанып жүр.    

suret-krmesi

Айнагүл Шакупова  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT