"Жасөспірім "жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

(0 Votes)

Атырау ОПД-нен 2020 жылғы 13 ақпандағы №1-30-5-67/996-И санды нұсқауына сәйкес, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыспен құқықбұзушылықты анықтау және алдын алу сондай-ақ құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жедел-профилактикалық іс шарасын өткізу мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айының 14-16 күні аралығында облыс көлемінде "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Осыған орай Құрманғазы АПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Н.Кубашевтң №25 санды бұйрығына сай, аудандық ПБ-нің барлық бөліністері мен қызметтерінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Іс-шара өту кезінде аудандық полиция бөліміне барлығы 9 жасөспірім келтірілді. Іс-шара барысында 7 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар алынды.

"Жасөспірім" жедел алдын-алу профилактикалық іс шарасын аудан көлемінде өз деңгейінде және сапалы өткізілуі мақсатында барлығы 44 адам жұмылдырылды.

Іс-шара кезінде, түнгі ойын-сауық мекемелерінде түнгі мезгілде заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз кәмелетке толмағандардың болдырмауына және де түнгі уақытта кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде болуын болдырмау мақсатында, аудан көлемінде орналасқан түнгі ойын-сауық мекемелері толықтай тексерілді. Жасөспірімдердің көп шоғырланатын орындары: кафе-барлар, тойханалар, мейрамханалар және бильярд клубтары яғни түнгі ойын-сауық мекемелері толықтай тексерілді.

Шара кезінде ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшесіне ҚР ІІМ-нің №1098 бұйрығына сай, 1 ата-ана қолайсыз отбасы, 1 жасөспірім профилактикалық есебіне алынды. "Жасөспірім" жедел алдын-алу профилактикалық іс шарасы кезінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған қылмыстары жіберілген жоқ.

Ж.Бектемиров,

Құрманғазы АПБ ЖПҚб-нің ЮПТ-ның аға УПИ полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT