Ағымдағы жылдың 30 қарашасы мен 4 желтоқсан аралығында Құрманғазы ауданы бойынша «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және алдын алу, сондай-ақ, құқықтық сауаттылығын арттыру. Оған облыс аумағында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылды. Іс-шараға аудандық ПБ барлық бөліністері мен қызметтерінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды.
Іс-шара өту кезінде аудандық полиция бөліміне барлығы, 15 жасөспірім келтіріліп, барлығы 17 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар алынды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2,3 бөлігімен («Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы сағат 06-ға дейін болуы») -15, ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабы («ҚР Заңнамасының алкогольдік өнімдерін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу»)-1 құқық бұзушылық анықталды. Отбасында тәрбиеленуші балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау және ескерту, олардың жыныстық тәуелсіздігін қорғауға бағыттала отырып, шара білім беру мекемелерінің өкілдерімен бірлесіп қолайсыз отбасылары аймақтық УПИ бірлесіп тексерілді. Алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында, мектептерде оқушылармен құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы өзіндік қауіпсіздік шараларын сақтау және т.б тақырыптарында жиналыстар өткізілді.
Іс-шара кезінде атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде «Facebook» әлеуметтік желісінің парақшасында жарияланды. «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел алдын-алу профилактикалық іс-шарасы кезінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған қылмыстар жіберілген жоқ.
Т.Ш.Исаев
Құрмангазы АПБ ЖПҚб-нің бастығы, полиция майоры