Шахмат – баспен ойлауды талап ететін, адамның ақылын еселей түсетін ойын. Сол себепті шығар екінің бірі меңгере бермейді. Десек те, Еңбекші орта мектебінің 3 сынып оқушысы Мансур Имажа оны жақсылап үйренуге ден қойған.
Ұстазы, ауданымызға танымал спортшы, талай шахматшыларды тәрбиелеп шығарған Есей Хусайыновтың жас баладан үміті зор. Себебі, бұл ойынды үйренгеніне 3 айдан асса да жақында сенімін ақтап, үміт шырағын жақты. 17 ақпан күні облысқа барып шахматтан IV разряд иемденіп келіп отыр.
– Үшінші сынып оқушысы үшін бұл жақсы көрсеткіш. Әлі кішкентай ғой. Бірақ, талабы таудай шәкіртім. Зейін қоя тыңдап, үйренгісі келіп тұрады. Биіктерге баратын баспалдақ осындайдан басталады. Жетістігі жалғасын таба беретініне сенімдімін. Қолымнан келгенше білгенімді үйретуге әзірмін, – дейді Есей Ақтайұлы.
Айнагүл Шакупова