Сүйіндік жалпы орта мектебінде өткен «Жас маманға көмек – заман талабы» атты семинарды мектеп директоры Меңсұлу Темірханқызы ашып, жас мамандарға сәттілік тілеп, бұл шарадан ұстаздық жолдарына үлкен тәжірибе алатындарын тілге тиек етті.
Келесі кезекте Саягүл Бауыржанқызы «Жас маманмен танысу» атты психологиялық тренингін өткізіп, оқу ісінің меңгерушісі Айнагүл Жасқайратқызы «Күнтізбелік тақырыптық жоспарын және күнделікті сабақ жоспарын (ҚМЖ) жазу тәсілі» туралы түсінік берді. Семинар барысында «Сабақта инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану» жас мамандарға әдістемелік көмегі тәлімгер жетекшілермен дөңгелек үстел арқылы АКТ мүмкіндіктерін қолданып ұйымдастырылды. Ұстаздарымыз Эльмира Серікқабылқызы, Артур Махмудұлы, Бауыржан Амангелдіұлы өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, Құралай Аманжолқызы мен Аймекен Ерсайынқызының кері байланысы ұсынылды. Өткізілген әдіс-тәсілдердің жас ұстаздарға әдістемелік жағынан тигізер пайдасы зор болды.
Семинарды мектеп директоры Меңсұлу Темірханқызы қорытындылап, мұғалім жан-жақты болуы қажеттігін, ең бастысы балаға мейірімділікпен қарап, әрбір оқушының қандай көңіл-күйде екенін, әрқайсысының нені қалай қабылдайтынын ұғуы қажеттігін айтып, қатысушыларға ризашылығын білдірді.
Бауыржан Хасантаев,
Сүйіндік жалпы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы