Жас өлкетанушы байқауында

(0 Votes)

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің 9 сынып оқушысы Жеңісова Дильназ «Мәңгілік ел – туған өлкем» атты облыстық өлкетану байқауына қатысып, мектеп мерейін үстем қылды.

Туған жер тарихы, оның табиғаты мен мәдениеті таныстырылған танымдық сайыста Дильназ «Құрманғазы ауданына – 90 жыл», «Астанаға – 20 жыл», «Атырау облысына – 80 жыл» тақырыбында шығармашылық жобасын жақсы қорғап, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Креативті ойлау қабілетімен ерекшеленген ол өзі дайындаған көрнекілік құралдар арқылы туған өлкеміз бен бас қаламыз – Елорда жайлы әсерлі баяндап берді.

Сайыста шәкіртінің биіктерден көрінуіне ұстазы Кулесова Анаргүлдің де көп еңбектенгенін атап өткеніміз артық етпес. Мұндай шаралардың жас ұрпақтың бойына туған жерге деген сүйіспеншілігін, отаншылдық сезімін қалыптастыруға септігі мол болды.

Қ.ҚЫДЫРШАЕВА, Ломоносов атындағы орта мектеп мектептің мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT