" 2021 жылдың 13 желтоқсан күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Мақсаты: оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. «Жас Ұлан» ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау. Салтанатты жиынға мектеп директоры Хасанова Жамал Әдебиетқызы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Хашуова Анар Серікқабылқызы мен Қайсағалиева Бақытгүл Теміртасқызы, «Жас Ұлан» ББЖ ұйымының белсенді мүшелері, «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері қатысты.
Жиынға мектебіміздің озат, үлгілі шәкірті ретінде 2-сыныптар арасынан «Жас қыран» ұйымына 25 оқушы, 5- сыныптар арасынан «Жас ұлан» ұйымына 56 оқушы қабылданды. Мерекелік шараны мектеп директоры Жамал Әдебиетқызы ашып, оқушыларды құттықтап өтті. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы Ахмет Маншук рапорт тапсырып, оқушыларды ант беру рәсіміне дайындады.
Оқушылар ант қабылдап, оларға мектеп директоры мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, «Жас Ұлан» ББЖ ұймының белсенділері, «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері галстук пен төсбелгі тақты. Жиын соңында «Жас Ұлан» ББЖ ұйымының белсенділері флешмоб билеп аяқтады.