Жас Ұланға – 10 жыл

(0 Votes)

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына - 10 жыл.

Атаулы датаға орай «Айқын мақсат,межелі бағыт,көшбасшысы тұлғасын қалыптастыру» тақырыбында Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінде өңірге қарасты білім ошағының ұйым жетекшілері мен көшбасшыларының аудандық слеты өтті. Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен өткен шараның ашылу салтанатын эпидахуалға байланысты аудан мектептерінің белсенділері ZOOM платформасы арқылы Б.Бегалиев мектебінің оқушыларының өнерін тамашалады.

Слетқа Гүлжанат Қалиева, Мейрамгүл Шекетасова, Ардақ Қаржауова және Анар Тәжібаева сынды қонақтар қатысып, жас көшбасшыларға жүрекжарды тілегін арнап, қадамдарына сәттілік тіледі. Мемлекеттік гимн ойнатылған соң «Жас Ұлан» туы кіргізіліп, көркемсөз шеберлері өлеңді мәнерлеп оқып, флешмоб билеп шараның сәнін кіргізді. Кейін «Экоәлем» үстел ойыны өткізіліп, қатысушы ұландар өз білімдері мен жылдамдықтарын сынады. Жиынның ІІ-бөлімі Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінің алаңында «Жас Ұлан аламаны» атты спорттық ойынға ұласты. ІІІ-бөлімде әр ілім шаңырағындағы ұйым жетекшілерінің жұмыстары қорғалып, тиісінше баға алып, үздіктер марапатталды.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT