Жас қолөнершілер сайысы

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық музейінде 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесіне орай ұлттық қолөнерімізді кеңінен насихаттау мақсатында «Шебер қолдар» тақырыбында сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізге оқушылардың қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін, сөйлеу шеберлігін дамыту. Қазақ халқының ою-өрнектерінің шығу тарихын, мағынасын түсіндіру, оларды құрметтеуге, шеберлікке, әдемілікке, өнерге баулу. Шараға Абай, Әуезов, Бегалиев, Имашев орта мектептерінен 12 оқушы қатысты. Құрманғазы музейінің меңгерушісі Жазира Хайрошева келе жатқан мерекемен құттықтап, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Сайыстың «Шебердің саусағы, өнерлінің қолы алтын» атты бірінші бөлімінде оқушылар өздері жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетіп, қалай дайындағаны жайлы қысқаша түсінік берді. «Кен асылы жерде, сөз өнері елде» атты екінші бөлімде өнер, еңбек, шеберлік жайлы жұмбақтарды шешті. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» атты үшінші бөлімде оларға 3 минуттың ішінде қағаздан ою ойып шығу тапсырылды. Төртінші бөлімде оқушылардың ой өрісін тексеру мақсатында логикалық сұрақтар қойылды.

 

«Шебер қолдар» сайысының қорытындысымен І орынды М.Әуезов орта мектебінің 7 сынып оқушысы Арайлым Дамирқызы иеленді. ІІ орын Абай атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Милана Рүстемқызына тиді. 7 және 5 сынып оқушылары Даяна Жағыпарова(М.Әуезов) мен Інжу Амантайға (Бегалиев) ІІІ орын бұйырды. Оларға және басқа да қатысушыларға естелік сыйлықтар мен кітаптар табыс етілді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика