Жас көңілді ұлықтаған кездесу

(0 Votes)

– Мама, мен байқау кезінде тек қазақша ғана сөйлеймін. Бұл – былдырлаған тілі орысша шыққан Мәриям Саламатқызының «Әлем жұлдызы» сайысы кезінде анасына айтқан сөзі.

Кеудесін «елім» деп, патриоттық рух тербеген балақай күні-кеше Қазақстанның атын асқақтатып, халықаралық «Әлемдік модель» конкурсында Бас жүлдені иемденген болатын.  Жүрегін кірбің шалмаған періште көңіл Көптоғайына оралып, мектептегі ұстаздарымен қауышты.

miss-mira1

Осыған орай, С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінде «Әлем жұлдызы – Мәриям» атты кездесу шарасы оздырылып, оған сол білім ошағының мұғалімдері, білім бөлімінің басшысы Гүлфара Өтемісқызы мен аудандық кешкі мектеп директоры Мүлкат Менситова  қатысты. Ал, жиынның қадірлі қонағы – Мәриям Ишанғалиева мен анасы Арай Қарабалаева.

miss-mira2

Кездесу кешін мектеп директоры Күнсұлу Сүйінова ашып, жастайынан өнегелі тәрбиесі, зерек қабілеті, оқуда озаттығымен ерекшеленген Мәриямдай шәкіртімен мақтанарын айтып, алдағы уақытта, басқан әр қадамына қолдау танытарын айтып өтті. Мәриям сынды оқушылар саны арта берсін деп лебізін білдіріп, мектеп әкімшілігі және кәсіподақ ұйымы атынан Алғыс  хат пен сыйлығын табыстады.

miss-mira4

Кейін, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Өтемісқызы сөз алып, Мәриям Салауатқызының бойға жиған талантын өшірмей, арқасынан қағу керектігін жеткізді. – Оның бойындағы білімге, өнерге, әдемілікке деген құштарлығы Мәриямға әлемдік сайыстың тәжін кигізді. Тал бойына бар талантты жиған балапан шет елде, 25 үміткердің арасынан алға шығып, бағындырған биігі – біз үшін мерейімізді тасытқан үлкен жетістік,-деген Гүлфара Өтемісқызы, 8 жасар Мәриямның болашағына үлкен үмітпен қарайтынын жеткізді. Бұны Мүлкат Менситова да қостап, арнайы дайындаған сыйлықтарын табыстады. 

miss-mira3

Шара барысында, Мәриям «Әлемдік модель» конкурсына арнайы тіктірген, Томиристің образындағы қазақ киімімен «Адай» күйінде дефиле көрсетіп, ерекше харизмасымен көрерменнің таңдайын қақтырды. – Атақ пен даңққа ниетің ластанбай, кіршіксіз таза жүрегіңе ешқашан дақ түспесін,-деген Арай Қарабалаеваның аналық легімен жиынды аяқтады.

miss-mira9

miss-mira6

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT