Құрманғазылық футболшылардың жанкүйерлеріне айналып, қанатының астына алып, қамқорлық танытып жүрген аға буын өкілдері мен командалар жас аяқ допшыларды үлкен қуанышқа кенелтті.
Бірігіп, өз аттарынан қаражат жинап, ауданымыздын намысын қорғайтын мектеп жасындағы жасөспірім балаларға командалық 15 форма (щиток, гедри) тарту етті. Бұл жас спортшылар үшін үлкен көмек. Олардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жеңіске деген жігерлерін шыңдай түседі. Барша көмек қолын созған азаматтарға үлкен ризашылығымызды білдіреміз!