Жас дойбышының жеңісі

(1 Vote)

Павлодар қаласында өткен жасөспірімдер арасында дойбыдан Қазақстан Республикасының ашық біріншілігіне Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектептің 2-сынып оқушысы Есенғұл Амира қатысып, бағын сынаған болатын.

Қарсыластарын ойсырата жеңген жас дойбышы Амира жарыс қорытындысымен жүлделі І орынды қанжығасына байлап, Түркия еліне жолдама алды. Балғынды додаға дайындаған жетекшісі Бекжан Кабиев. Бүгінде туған ауылына оралған Амира халықаралық жарысқа қызу дайындықты бастап кетті.

Гүлдана БРАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT