«Жас дарын» конкурсы өтті

(0 Votes)

26 қыркүйек күні Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының  «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастырумен мектеп оқушылары мен 35 жасқа дейінгі аудан тұрғындары арасында «Жас дарын» облыстық ғылыми жоба конкурсы өтті. 

ҚХА-ның 30 жылдығына орай, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын 2025 жылы іске асыру бойынша «Жас дарын» конкурсында инновациялық әдістемелерді қолдана отырып, қазақ тілін оқыту бойынша мобильді қосымшалар, бағдарламалар әзірлеуге конкурс жарияланды.

Конкурс балаларға қазақ тілін жеделдетіп үйретуге ықпал ететін инновациялық идеяларды ынталандыру, жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, белгіленген уақытқа сәйкес ғылыми жобаларын түсіндірімді қорғай отырып, шығармашылығын, тиімділігін, нәтижелілігін, ойшылдығын көрсету,  қатысушылармен өзара тәжірибе алмасу және шебер ғылыми жобаларды үлгі тұту, жұмыстың жаңашылдығы, тақырыппен байланысы, аудитория мен команда аралығындағы байланыс, жеңіс пен жеңілісті қабылдай алуын жүзеге асырады. Жастар қоғамдық шараларға белсене араласу арқылы, шығармашылық жолда ізденуге, көпшілік алдында жобаларды қорғай алу мәдениетіне машықтанады. 

«Жас дарын» конкурсы нәтижесімен  Б.Бегалиев жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ғайнулла Ержан ІІІ орын иеленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT