«Думан плаза» мейрамханасында «Жас дарын-2024» жастар номинациясының 2024 жылғы үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Аудан әкімі Абат Жанғалиев жыл үздіктерін құттықтап: - Жастар бүгінде ауданымызда қарқынды жұмыс жасауда.
Түрлі бағдарламаларға белсене қатысып, оны жүзеге асыруға өз үлестерін қосуда. Киелі Құрманғазы өлкесі – дарынды жастарға бай. Олар әр салада жемісті еңбек етіп, биік-белестерді бағындыруда – дей келе, 2024 жыл қорытындысымен әртүрлі қызметтегі жастардан Азамат Нұрлановқа «Үздік жас мемлекеттік қызметкер», Нұрлыбек Тұмақовқа «Үздік жас полицей», Нұрбол Діңғуатовқа «Үздік жас өрт сөндіруші», Әнуарбек Сәбитовке «Үздік жас депутат», Нұргүл Хамитоваға «Үздік жас дәрігер», Диас Ерболатовқа «Үздік спортшы», Әди Бектемировке «Үздік контентмейкер», Гүлфайруз Қадырғалиеваға «Үздік жас ұстаз», Алтынбек Қайырғалиға «Үздік студент», Ниетқали Мукушевқа «Үздік жас мәдениет қызметкері» , Арсен Қуандықовқа «Үздік жас мобилограф», Азамат Абдуллаевқа «Жылы жүрек» аталымдарын табыстады.
Одан әрі аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Аян Жексенбай жас өрендерді қолдап жүрген бір топ кәсіпкерлерді «Жастар жанашыры» номинациясымен марапаттады. Шара барысында аудан өнерпаздары мен оқушылар әсем әндер мен билер орындады.
Айнагүл Күнұзаққызы