Жас аналар мектебін құру – бірегей бастама

(1 Vote)

Отбасылық құндылықтарды сақтау, аналардың бала тәрбиесі мен қоғамдағы жауапкершілігін арттыру – өзектілігін жоймайтын мәселе.

Осыған орай орталық кітапханада «Жас аналар мектебі тәлімді болуға бағыттайды» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Оған аудандық аналар кеңесінің, жас аналар мектебінің мүшелері, психолог, мұғалімдер қатысты.

img_5133

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова семинарды ашып, жүргізіп жас аналар мектебін құрудағы негізгі мақсат-міндеттерді айқындады. Аталмыш мектеп жас аналарға педагогика-психологиялық, медициналық көмек беріп, өмірдің түрлі кезеңдерінен қиындықсыз өтуге мұрындық болатын қоғамдық топ екенін айта келе, мектептерде осы істі жүйелендіру қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ, өзі жасақтаған жас аналар мектебінің жалпы ережесінің үлгісін ұсынды.

Осы жұмысты Ю.Гагарин, Ш.Уәлиханов мектептері былтырғы жылдан бері қолға алса, Абай, Бегалиев атындағы білім ошақтары да бұл іске алдағы уақытта «білек сыбана» кіріскелі отыр. Гагарин атындағы орта мектебінің директоры Жамал Хасанова жас аналар мектебінің сабағын өткізудегі қыр-сырларымен бөлісті. Оған қоса облыстық ата-аналар конференциясында мақтауға ие болған тренингтік жаттығуларын ортаға салып, тәрбиелік мәні бар жайларды да тілге тиек етті.

img_5150

Семинарға қатысушылар маңызды бастама аясында ой-пікірлерін жеткізді. Балғаным Хасенова жауапты мамандарға жас аналар мектебінің жұмыс жоспарын әзірлеп, жауапкершілікпен жүзеге асыруларын тапсырды. Сөз соңында барша белсенділік танытқан кеңес мүшелеріне ризашылығын білдіріп, іс-тәжірибесі көпшіліктің көңілінен шыққан Жамал Хасановаға алғыс хат табыстады.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521