Жарық қалыпқа келтірілуде

(0 Votes)

Құрманғазы ауданында 2022 жылдың 5 наурызы сағат 04:00 дер шамасында ауа-райының қолайсыздық салдарынан (қатты жел, жаңбыр аралас боран 22-23м/с) ауылдық округтердегі (Құрманғазы, Орлы, Шортанбай, Нұржау, Жаңаталап, Қиғаш, Бірлік, Мақаш, Ақкөл, Дыңғызыл, Теңіз, Сафон, Байда, Коптоғай, Еңбекші, Кудряшов) электр желілері үзіліп, бағаналар құлап, ток көзі және байланыс желілері істен шықты (Күні бүгін аудан көлеміндегі электр жарығы жоқ медициналық және өзге де мекемелер уақытша дизель генераторларымен жұмыс жасауда).

Аудан бойынша электр желілерінің 22 метрлік 35 кВТ-1дана, сонымен қатар, күні бүгінгі есеп байынша 11 метрлік 10кВТ- 300 данадан астам электр бағаналары құлағаны анықталып отыр. Мұндай электр бағаналары әлі де анықталуы мүмкін.  

Күні бүгін, Құрманғазы, Байда, Орлы, Шортанбай, Дынғызыл, Қиғаш, Сүйіндік, Асан, Азғыр, Нұржау, Жаңаталап, Теңіз, Кудряшов, Енбекші, Мақаш, Ақкөл  округтеріне, ток көзі берілді. Аудан бойынша 10890 абонент ток көзінен ажыратылса, қазіргі уақытта 7650 абонентке қайта ток көзі берілді. Енді қалғаны –3240 абонент.

Қазіргі уақытта аталмыш жағдайды қалыпқа келтіру үшін «Атырау Жарық» АҚ – ның 8 бригадасы (56 адам, 20 техника) және «Қазақстан Теміржолы» компаниясының электрмен қамту бөлімінің 1 бригадасы (15 адам, 6 техника)  жұмыс жасауда.

 Барлығы:  9 бригада, 71 адам,  26 техника

(Ақкөл округіне – 1 бригада, 15 адам, 6 техника; Сафон округіне-1 бригада, 7 адам, 3 техника; Бірлік округіне-2 бригада,18 адам, 7 техника; Көптоғай округіне-2 бригада, 13 адам, 4 техника; Құрманғазы округіне 2 бригада, 13 адам, 4 техника; Қалған 1 бригада 5 адам 2 техника электр қуаты берілген ауылдардың ток көзі берілмей қалған тұрғын үйлерді тексеріп қарап, қалыпқа келтіру жұмысын жасауда.).

3 ауылдық округте 5 елді мекен, тұрғындар саны-10693 адам 3240 абонент. Бірлік(2 елді мекен-2183адам), Сафон(1 елді мекен-1843адам), Көптогай (2 елді мекен-1199адам),  ауылдарында ток көзін беру жұмыстары жүруде.                                   

 «Қазақтелеком» АҚ-ның 20 станциясының 12-де байланыс орнатылды. Қазіргі уақытта 5 елді мекенде жұмысшы топтар жұмыстарын жасап жатыр.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT