Жарты ғасырдағы жарқын жүздесу

(0 Votes)

Осыдан тура 50 жыл бұрын аудандағы Ломоносов атындағы орта мектебін бітірген түлектер жарты ғасырдан соң алтын ұясына оралып, бірге оқыған сыныптастар көзі тірі ұстазадрымен жарқын жүздесті.

Мектеп директоры Толқын Ажығалиева осыған орай тағылымды шара ұйымдастырды. 1972 жылы аталған білім ордасын бітірген 5 сыныптың түлектері еліміздің түкпір-түкпірінен жиылды.

Бұл самайларын ақ қырау шалған, ақ бантиктерін ақжаулыққа алмастырған бір кездегі сыныптастардың сағыныса қауышқан күні болды. Ән әуелеген әсерлі кеште біраз ақжарма тілектер ағытылып, артта қалған сағым жылдарға шегініс жасалды. Еламан Сидешов, Әмин Бисимов, Нахим Дәулетов, Руфина Дәндіғұлова, Балапан Тайпақова, Дәмеш Әжіғалиевалар балалық балдырған шақтағы қызықты сәттермен, есте қалар оқиғаларымен бөлісті.

img_20220523_221421

Жарты ғасырлық жүздесуді өткізуге мұрындық болған Нұрлығайын Қисамеденов құттықтау сөз сөйлеп, денсаулықтарының нашарлауына қарамастан шараға қатысып отырған Қадірғали Әбдірахманов, Мүлкарат Қамеденова, Бағила Мусағалиева сынды ағай-апайларына республикалық «Аманат» қоғамдық бірлестігінің «Құметті ұстаз» медалімен марапаттады. Мұндай құрметті бүгінде Алматы қаласында тұратын Фарида Жұмаділоваға көрсетіліп, аталған қоғамдық бірлестіктің төрағасымен бірге табыстағанын жеткізді. Тағылымы мол шарадан ескерткіш сыйлық ұсынылды. Бұдан соң сөз аяулы ұстаздарға беріліп, Абай атамыз айтқандай «дүниенің кетігіне кірпіш болып қалана» білген шәкірттеріне ризашылығын білдірді.

img_20220523_221408

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT