Жарқын жүздесу

(0 Votes)

Аудан әкімінің қабылдауына орай жайылған мерекелік дастарханға түрлі салада абыройлы еңбек еткен ардагерлер мен бүгінгі күні де лайықты қызмет атқарып жүрген бір топ қыз-келіншектер жиналды.

Басқосуда аудан басшысы Марат Мурзиев мерекелік лебізін білдіріп, нәзік жандыларға алғыс хаты мен гүл шоғын табыстады.

kim-abyldau_jpg1

Аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова, мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов құттықтау тілектерін жеткізіп, әйел-аналардың бүгінгі қоғамдағы рөліне тоқталды.

abyldau-kim

Кездесуде жылы лебіздерін жаудырған қонақтар еліміздің жасампаз жетістіктеріне тоқталып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әуезді әндерін шырқады.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT