Жарқын жүздесу өтті

(0 Votes)

"Мәдениетті ана- мәдениетті ұлт" жобасы бойынша жасақталған республикалық іс- шараның "Бақытты ана-бақытты отбасы" бөлімі аясында "Менің мамандығым - менің бақытты болашағым" тақырыбында белсенді әйелдердің еңбегін үлгі ету, тәжірибесін тарату мақсатында кездесулер өткізу тапсырылған.

Құрманғазы аудандық Аналар кеңесі мен аудан әкімі жанындағы "Әйелдер істері және гендрлік саясат жөніндегі" комиссия бірігіп Іскер ана, "Құралай"сауда үйінің басшысы, "Құралай" нан -тағам комбинатының қаржы директоры, Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаты, Атырау облысы "Атамекен" Кәсіпкерлер Палатасы Өңірлік Кеңесі мен Құрманғазы аудандық Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі. Ауданның "Үздік кәсіпкері- 2017" және облыстың сауда саласының "Жыл кәсіпкері - 2019" атақтарының иегері. ІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" төсбелгісі, "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медальдары мен бірнеше Құрмет грамоталардың , басқада марапаттардың иегері Болатбаева Гаухар Сиғуатқызымен "Іскерлік негізі - нәтижелі еңбек " тақырыбында Жарқын жүздесу түріндегі кездесу Абай атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында өткізілді. Шараға: аудандық, округтердің Аналар кеңестерінің мүшелері, еңбек ардагері аналар, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, мұғалімдер, мәдени қызметкерлер, Гаухар Сиғуатқызының туыстары қатысты. Жарқын жүздесудің қонақтары: аудандық мәслихат хатшысы Жугунисов Болат Темиржанұлы, Аманат партиясы Құрманғазы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Есенғазиев Өмірболат Өтегенұлы, Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Дүйсекенова Злиха Кадырбайқызы, "Сенімен болашақ" республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы Жардемова Гулфия Абайқызы, аудандық кәсіпкерлік бөлімнің бас маманы Жағыпарова Зоя, кәсіпкер ана,еңбек ардагері Қазенова Үміт Қазенқызы және Жарқын жүздесудің жүргізушісі ардагер ұстаз Құмарғалиева Орынша Қапанқызы болды. Жарқын жүздесуде облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Дүйсекенова Злиха Кадырбайқызы кіріспе сөз сөйледі.

gauhar_siguatqyzy-2

gauhar_siguatqyzy-3
Шара барысында Гаухар Сиғуатқызымен мен кеш қонақтары берілген сұрақтарға әсерлі , түрлі деректермен жауап берді.
Аудандық мәслихат депутаттары Қубашев Есболат Захарұлы, Қапуова Сандуғаш, Абай атындағы орта мектебінің директоры Хасанова Жамал Әдебиетқызы, ардагер ұстаз Муфтахова Нұрзада Зинетоллақызы, кәсіпкер Габдушев Мерғали, Ақкөл ауылдық клубының әдіскері Сидеғалиева Жаннат Болатбайқызы құттықтау тілектерін айтты. Аудандық өнерпаздардың әдемі әндері тыңдалды . Аналар кеңесі төрайымы Балғаным Хасенқызы шараны қорытындылап Гаухар Сиғуатқызына Алғыс хат пен сыйлықтар табыстады. Жарқын жүздесу түріндегі кездесу тәрбиелік мәні зор, мақсатына жеткен , жастарға кәсіптік бағдар берерлік шара болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT