Жапа шеккен Зілфат

(0 Votes)

31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыздан-жазықсыз жапа шеккендердің бірі Зілфат Абдошқызы Ысқақова. Ол Қошалақтық өнегелі отбасы Абдоштың перзенттерінің үлкені еді.

Зілфат-қазақтың қыздар педагогикалық институты, тарих факультетінің 1948 жылғы түлегі. Жоғары оқу орнының алғашқы түлегі бітірген соң туған ауылына жолдамамен келеді. Құрманғазы ауданындағы Абай атындағы орта мектебінде тарих пәнінің, мұғалімі болып қызмет етеді. Ұстаздық еңбек өтілінің үшінші жылында, ақпан айының бір түнінде НКВ Д-ның үш қызметкері келіп тұтқындайды. Содан жеті ай бойы хат-хабарсыз кетіп, тергеп-тексеруде болады. Бұл 1951 жыл еді.

Қ.Р. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облыстық басқармасынан 1996 ж. алынған құжатта:1924 жылы Б.Қаз. облысында қызмтекер отбасында туған. 1951 ж. 28 шілдеде Гурьев облыстық соты мұғалімді РКФСР ҚК-ның 58-10 статьясымен айыптап, 10 жылға бас бостандығынан, 5 жылға құқықтарын жоюға үкім шығарылсын».

Ұлы Отан соғысы кезеңін сабақ үстінде баяндаған оқытушы: «Мыңдаған ұшағы, танкісі, жүздеген дивизия әскері бар фашистердің әскери қуаты өте күшті болатын. Осындай аса қауіпті жыртқыш жау тыныш жатқан шекарамызды ескертусіз бұзып-жарып кіріп келеді» деген дерек айтса керек. Сонда қаралаушылар: «сіз неге фашист армиясын Қызыл Армиядан күшті деген баға бердіңіз» деп айыптаған. Немесе, апайдың бір құрдас мұғалімі үстіне макентош, басына қалпақ киіп мектепке келе жатса, оған қарсы кезігіп қалған Зілфат апай оны әзілдеп: «Сен өзің сәнді киінген американдық джентельменге ұқсап кетіпсің ғой...» десе керек. Сонда қаралаушылар: «Сен Кеңес мұғалімін неге американ джентельменіне теңейсің, бұл-батысқа бас ию емес пе» деген айып таққан. Ол кезде қармаққа бір ілінгесін жырылып шығу қиын ғой. Осылайша Зілфатқа Ресей Федерациясы территориясында орналасқан бірқатар лагерьлерде жазықсыз тұтқын болудың азабын көруге тура келеді. Куйбышев ГЭС-нде қара жұмыс істейді.

Ақыры Л.П.Берия «Халық жауы» болып әшкереленгеннен кейін жолданған арыз қайта қаралып, толық ақталып шығады. Бірақ жазықсыз жала, айдаудағы азап айықпас дертке ұшыратып, 50 жасқа жеткізбей алып тынады.

1954 ж. бостандық алғаннан кейін Зілфат қола мектептерінде өз мамандығы бойынша еңбек етті. «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталды.

Әсия сынды жалғыз қызын тәрбиелеп, қатарға қосты, оған жоғары білім әперіп, еңбекке араластырды.

 

                                                                                                    Есмухан Жанизин

Сурет ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT