Жаннұр жеткен жетістік

(0 Votes)

Тоғызқұмалақ – адамның ақыл-ойын шыңдап, ми қызметiн жетiлдiретiн зияткерлiк ойын.

Қазақтың ұлттық ойынымен айналысатындардың қатары ауданда көп болды. Кезінде өңіріміздің бесаспап спортшылары, марқұм Орынбек Хамитов, Ерболат Дүйсеновтер Еңбекші, Н.Манаев атындағы мектептерде спорт үйірмелерін ашып, жас жеткіншектерді осы тамаша ойынға баулыды.

z

Аталған үйірмелерге қатысқан көптеген шәкірттер облыстық, аудандық сайыстарда талай олжа салды. Әлі күнге тоғызқұмалақ ойынын тастамай, ара-тұра жарыстарға қатысып жүргендері де жетерлік. Солардың бірі ретінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Жаннұр Хамитованы айтуға болады. Спортты серік еткен жанұяда тәрбиеленген ол тоғызқұмалақ ойынын әкесі Орынбек Уапұлынан жалықпай үйренді. Жеткен жетістіктері де жоқ емес, өз ауданымызды қойып облыста оған тең келетіндер некен-саяқ. Жақында Жаннұр Петропавл қаласында өткен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы спартакиадада Атырау облысының командасы сапында өнер көрсетіп, командаластарының үшінші орыннан көрінуіне көмегін тигізді.

z

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT