Жанды дауыста ән салды

(0 Votes)

Қазір фонограммамен ән салатындар көбейген заманда оны жанды дауыста тыңдағанның орыны бір бөлек. Содан да шығар аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өткен “Толқын” вокалды аспаптар ансамблінің концерттік бағдарламасын жұртшылық жақсы қарсылады.

1970 жылы құрылған ансамбльдің алғашқы жетекшісі Ниетқали Тұрақбаев еді. Қазіргі құрамда Жексенбай Тәжібаев, Әділбек Нұрғалиев, Тоқтар Наушабаев, Сұңғат Бралиев, Нұрхат Бралин, жеке дауыста Жалғас Сағындықов, Аяжан Олжабекқызы сынды өнерпаздар бар. Қайта құралған ансамбль облыстық байқау-фестивальдарға қатысып, жақсы бағасын алып жүрген ұжым. Концерт барысында ретро әндер шырқалып, композициялар орындалды. Көрермендермен караоке ұйымдастырылды.

Мейрамгүл ҒАЛИМОВА, аудандық мәдениет үйінің әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT