Жанарсыз жандардың мұңы

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Қазақ соқырлар қоғамы» бірлестігі аудандық ұйымының жиналысы болып өтті.

Оған кейбір бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, медициналық және әлеуметтік қызметкерлер, әр топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев жиналыстың күн тәртібіне шолу жасап, оған арнайы келіп отырған облыстық соқырлар қоғамының төрағасы Жұмағазы Мақсотты және «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің орталық басқарма мүшесі Болат Құстановты таныстырды.

i

«Қазақ соқырлар қоғамы» бірлестігі аудандық ұйымының төрағасы Қайрат Қайыров көз мүгедектеріне мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықты тілге тиек етсе, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Абдуррахман Муса 2019 жылдың мамыр айына дейін атқарылған жұмыстардан хабардар етті.

i

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің орталық басқарма мүшесі Болат Құстанов жергілікті жердегі мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажын естігісі келетінін қаперлеп, 24 шілдеде облыста өтетін конференцияға ауданнан делегат сайлану қажеттігін ескертті. Жиналыс барысында алыстағы Сүйіндік ауылының тұрғындары Нәсіп апай, Ғимран Көшенов өздеріне қиындық келтіріп отырған мәселелерді ортаға салса, Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны, ІІ топ мүгедегі Арайлым Сәдрешова аудандағы аталмыш ұйымның жұмысына қанағаттанбайтынын жеткізді.

i

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT