Жаңбыр салдарынан су басқан аумақтар арнайы техникалармен тазартылуда

(0 Votes)
Ауданымызда соңғы күндері толассыз жауған нөсер жауыннан біраз жолдар мен әлеуметтік маңызы бар нысан айналасына, ауыл көшелеріне су жиналып, тұрғындарға ыңғайсыздық туғызуда, - деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімі Абат Жанғалиев орын алған жағдаймен танысып, округ әкімі Абдуррахман Мусамен бірқатар нысан басына барып, су көп мөлшерде жиналған жерлерді мейлінше шұғыл тазартуға тапсырмалар жүктеді.
 
 
Құрманғазы ауылдық округінің көшелерін, әсіресе тас жол төселмеген жерлердегі жауын салдарын жою мақсатында іргелі мекемелердің көмегіне жүгініп, техникалары пайдаланылуда.
 
 
13-14 қыркүйек күні аралығында маңызды нысандар - мектеп, балабақша, азық-түлік базары, аурухана ғимараттарының алдындағы жиналған суларды сору жұмыстары жүргізілді.
 
Аталған жағдай жергілікті биліктің толық бақылауында. Аудандағы барлық техника мен жұмылдырылған адам күші күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
 
 
Алдымен көше бойындағы, содан кейін жеке тұрғын үйлердің аулалары судан тазартылады.
 
Сонымен қатар, "Атырау-Астрахань" республикалық маңызы бар тасжолындағы айналма жолға жиналған жауын суын жауапты мердігер мекеме тазартуда.
 
Ауданда жауын-шашынның салдарын жою жұмыстары жалғаса беретін болады.

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика