Құрманғазы ауданында республикалық «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» бұқаралық акциясы аясында аулаларды, көшелерді тазалау, сенбіліктер ұйымдастыру да қаралған.
Осыған орай Құрманғазы ауылдық округіне хабарласқанымызда ауылдың санитарлық тазалық жұмыстарын «Зере» жеке кәсіпкерлігі атқарып отырғанын білдік. Жыл басынан бері ауыл ішінен қоқыс алаңына 6250 текше метр қоқыс шығарылған. Күні бүгінге дейін 11 рет сенбілік ұйымдастырылып, жаға бойлары тазартылды.
Санитарлық тазалық жұмыстарымен 5 арнайы техника айналысуда. Аталған округ бойынша 65 қоқыс алаңшасы мен 130 қоқыс жәшіктері бар. Қосымша 200 дана қоқыс жәшігі мен 150 дана пэт жәшігіне сұраныс берілген.
Қазіргі таңда 120 дана қоқыс, 65 дана пэт жәшіктерін сатып алу жұмыстары жүргізілуде.