Құт пен ырыстың бастауы – әз Наурыз тойы Жамбыл ауылына қарасты Панфилов атындағы жалпы орта мектепте айрықша атап өтілді. Киіз үй құрылып, ұлттық тағамдар дайындалып, самаурын қайнатылып, қазан көтеріліп, қонақжайлығымыз айшықталды.
Шараға Жамбыл және Нұржау ауылының тұрғындары, белсенді азаматтар қатысты. Нұржау ауылдық округінің әкімі Мұрабек Мұғалім құттықтап, ізгі тілегін арнап, үздік мұғалімдерді алғыс хатымен ұлығылады. Панфилов атындағы жалпы орта мектептің директоры Линда Мұстахимқызы баршаға қош келдіңін айтып, жүрекжарды лебізін білдіріп, марапаттау рәсімін жасады.
Ортаға Қыдыр ата келіп, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деген ақ батасын берді. Мектеп оқушылары әсем әндер мен билер орындап, әжелер ансамбілінің өнері тамашаланды. Ұлттық ойындар ұйымдастырылып, құндылықтарымыз ұлығыланды.
Айнагүл Күнұзаққызы