Қарт Каспийдің жағасында ҚР БҒ және АҚД министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлескен түрде «Тренерлер мен жастар ісі супервайзерлеріне» атты алты күндік тренинг өткізді.
Еліміздің батыс өңіріндегі барлық Жастар ресурстық орталығының білікті мамандарының басын қосқан жиынға Атырау облысынан екі қызметкер қатысып, тәжірибе алмасып қайттық.
«Жастар қызметкерлері қоғамдастығы» ҚБ кеңес төрағасы Нұрлыбай Наурызбаев бастаған тренерлер тобы, әлемдік және еліміз бойынша жасақтаған сараптамамен таныстырып, жастар ісі бойынша жаңа түсініктер мен NEET турасында кеңінен тоқталды. Мамандар NEET санатындағылармен жұмысты жетілдіру бағытында «Жұмыссыз жастар», «Жас аналар», «Мүмкіндігі шектеулі жастар», «Пробация» тізімінде тұрғандарға жүргізілген зерттеу нәтижесін, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілі Жан-Франсуа Мартоның алдында қорғады.
Шараны ұйымдастырушылар, мұнда қатысқан мамандардың өзге өңірдегі әріптестеріне осындай форматта трениг оздырып, олардың арасында «Сертификатталған тренерлер» болатындығын айтып өтті. Мен, осы тренингтен қазіргі жастардың проблемаларын шешудегі халықаралық зеттеу нәтижесі мен тәжірибесін толықтай игердім. Соған сай, ауданымыздың жастар саясатын дамыту бағытында, «Жастар ісі мамандары» пилоттық жобасы, «JUMYSbar» қосымша бағдарламасы, «Жас әлеуметтік кәсіпкер» қолдау проектісі мен «BIZDINortalyq» атты заман талабына сай ЖРО, оған қоса осы типтегі «KerekKENES», «KESНKIKEZDESU», «SENЕN идея» деген атаумен, барлығы жеті жоба жасақтадым. Егер бұл еңбегім өз бағасын алып, қолдаушылар табылса, Құрманғазы жастары үшін тың дүниелер жүзеге асады.
Қайыржан Бауыржанұлы
Жастар ресурстық орталығының бас маманы