Құрметті аудан тұрғындары!
Алматы облысында орын алған әуе апатына байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен 2019 жылдың 28 желтоқсаны - жалпыұлттық Қаралы күн деп жарияланды.
Осыған орай, меншік түріне қарамастан аудан бойынша барлық мекемелерде осы күнге жоспарланған мәдени-көпшілік, ойын-сауық шаралары (мерекелік шаралар, корпоративтер) уақытша тоқтатылып, 29 желтоқсан күніне ауыстырылуы қажет.
Құрманғазы аудандық әкімдігі