Теңіз ауылдық округінің тұрғыны, көпбалалы, жалғызбасты ана Мейрамгүл Құспанованың 2017 жылдан бері тұрақты жұмысы жоқ.
Бұл мәселе бойынша ауыл, аудан әкімдерінің аппаратына, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалына да жолығып, табалдырықтарын тоздырғанын айтып ренішін білдірді. Теңіз ауылдық округінің әкімі Анарбек Баймұханов 2018 жылы Мейрамгүл клубта уақытша еңбек еткенін, қазір негізгі қызметкерінің жұмысқа оралуына байланысты босағанын, басқа бос штаттың жоқтығын айтып түсіндірді.
– Азаматша Үкіметтен тиісетін әлеуметтік жәрдемақының барлығын алып отыр. Қазір өзі ақылы қоғамдық қызметте еңбек етеді. Мамандығы бойынша Теңіз ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман-есепші лауазымына бос орын бар. Бірақ заңдылыққа сәйкес тесттен өтуі қажет, - дей келе, аудан басшысы Қ.Нұртаев аудан орталығынан жұмыс табылған жағдайда оған келіп қатынаудың мүмкіндігін сұрады.
А.Шакупова