ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ БОЛҒАН -АҚДАРИЯ”

(0 Votes)

Қазіргі заманда жақсылық істейтін жандар аз. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. «Оң қолың бергенді, сол қолың білмесін» деп жақсылық жасап жүрген мейірімді жандар да жетерлік. Дегенмен, қазіргі кезде жақсылықты әртүрлі түсініп, сан түрлі ойлармен төмендетіп жіберген секілдіміз. Айналамдағы жақын адамдарыма кімге? қашан? қандай жақсылық жасадың? деген сауал жолдадым. Бәрі де мұндай сұрақты күтпесе керек. Алғашында тосылып қалды. Тіпті, көбінің соңғы рет кімге қандай жақсылық жасағаны да есінде жоқ.

Адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы – жақсылық. «Ізгілік қыл, ізгілік көп кісіде, әсерлі ғой ізгілердің ісі де» демекші, арамызда жақсылыққа жаны құмар жандар да бар. Олардың жүзінен жылулықты, көзінен қуанышты бірден аңғарасың.Сондай жандардың бірі де бірегейі, “Мейірімді жүрекпен” деп аталатын аудандық еріктілер тобының көшбасшысы, жеке кәсіпкер Ақдария Исағалиқызы. Адамдарға мейірім төксең, сол жақсылығың алдыңнан шығары сөзсіз. Ақдария 2016 жылдан бері «Құрманғазы еріктілер қоры» мен «Харекет» қайырымдылық қорының еріктісі ретінде белсенді түрде қайырымдылық шараларын жүргізіп келеді. Сонымен қатар қазіргі таңда Құрманғазы ауданының жастары мен кәсіпкерлерден құралған «Мейірімді жүрекпен» еріктілер тобының төрайымы. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын”дейді дана халық. Аузын ашса, жүрегі көрінетін кәсіпкер ханым 2022 жылдан бері аудан көлемінде көптеген қайырымдылық шараларының басы-қасында екендігі аудан жұртшылығына мәлім. Тек аудандық көлемде емес облыстық көлемде балалар үйіне көмектесіп, қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіп келеді. Жақында ғана Астана қаласында өткен республикалық “Жыл үздігі -2024” үздіктер шеруінде де еңбегі еленіп, үздіктер қатарында марапатталды. 

Ақдарияның қарапайым болмысының астарында үнемі асқан зиялылық, достары мен әріптестеріне жанашырлық, жұмысына адалдық бұғып жатады. Қорыта айтар болсақ, жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды, өйткені аз ғана жақсылық ешбір жақсылық жасамағаннан хайырлы. Ендеше, жақсылық жасап жарысайықшы!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT