«Жақсылықпен кел, Жаңа Жыл!» – Құрылысшылар алаңындағы жарқын кеш

(0 Votes)

29 желтоқсан күні Құрылысшылар алаңында «Жақсылықпен кел, Жаңа Жыл!» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Шараға ауыл тұрғындары мен қонақтары қатысып, ойын-сауық бағдарламасы тамашаланды.

Кеш барысында Құрманғазы ауылдық округінің әкімі А.Муса, ауыл ардагері, Құрманғазы ауданының құрметті азаматы Е.Бектемиров мерекелік ізгі тілегін жолдап, Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтар үлестіріп, шырша шамын жағу рәсімі өткізілді.

Сонымен қатар көрермендерге жергілікті өнерпаздардың әндері ұсынылып, мерекелік отшашумен аяқталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT