Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды мемлекеттік мереке - Астана күнімен аудандық мәслихат депутаттары атынан құттықтаймын! Сарыарқаның төрінде, Есілдің бойында бой көтерген елордамыз тәуелсіз мемлекетіміздің өрлеп - өркендеуімен бірге қарыштап, дамып келеді. Бүгінгі таңда елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан ынтымақ мекеніне айналды. Келісті келбеті мен замануи сәулеті барша отандастарымыздың мерейін асқақтатып келеді. Тәуелсіз мемлекетіміздің тамыры тереңнен сыр шерткен тарихында елордамыздың маңызы мен орны зор.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында астанамыздың беделі биіктеп, мәртебесі өрлей берсін деп тілейміз. Қазақстан халқының ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен татулығы артып, болашағымыз баянды болғай. Аудан тұрғындары да елордамыздан бастау алған жасампаз істердің игілігін көріп, келер күнді сеніммен қарсылай беруіне тілектеспін. Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын!
Аудандық мәслихат хатшысы Б.Жүгінісов