«Жайлы мектепте» екі спорт залы болады

(0 Votes)

«AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссияның мүшелері Ақынжан Хұсайынов, Болатбек Өтегенов партиялық бақылауда тұрған Кадырка ауылындағы 60 пәтерлік үй, РТС ауылындағы «Жайлы мектеп», аудан орталығындағы стадион құрылысында болды. 

Кадырка ауылында салынып жатқан 60 пәтерлік үй құрылысы күн суытуына байланысты уақытша тоқтап тұр. Мердігер «Бек и Ко» ЖШС-нің учаске бастығы Жангелді Үмбеталиевтің айтуынша жұмыс 70 пайызға біте келген. Төбесі түгел жабылып, терезелері орнатылған. Еденге төселетін кафелдері мен бөлмелердің есіктері алулы тұр. Жұмыс ақпан айының ортасында жалғасын табады. 

РТС ауылындағы 600 орындық «Жайлы мектептің» төбесін жабу, биіктігі 9 метрге жуық  36х16 метрлік үлкен, 12х18 метрлік кіші спорт залдарының, көлемі 18х6, биіктігі – 8 метрлік асхана құрылысының жұмыстары жалғасуда. Құрылыс шебері Жеткіншек Ерғалиевтің айтуынша мұнда 14 адам еңбек етуде. «Лидер» ЖШС-нің техникалық қадағалаушысы Нұрлығайын Хисемеденовтің мәлімдеуінше ғимарат сыртын қаптауға әкелініп қойылған, Маңғыстау өңірінен шығатын «Laimsting» материалы біздің жердің климатына сай келмейді. Бұл жөнінде тапсырыс беруші «Samruk Kazyna Construction» АҚ-на өз ұсынысын айтқан. «Қазір қаралып жатыр»  дейді. Жақында құрылыс басына аудан әкімі Абат Жанғалиев келгенде де көрсеткен. Аудан басшысы назарына алған. 

Орталық стадионның да құрылыс жұмыстары ауа райына байланысты тоқтаған. Күн жылынса қайтадан басталады. Мұнда да түнгі жарықтар орнатылып, газ, су жүйелері тартылған.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT