Жайлы баспана – тұрғындар игілігіне

(0 Votes)

Тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі – аудандағы ең маңызды міндеттің бірі. Жыл сайын құрылыс алаңдарын кеңейту, қолжетімді тұр­ғын үй кешендерін салу басты назарда. Бақыттың бастауы – баспана.

Жарық дүниеде ұрпақ өсіріп, болашақтың тілеуін тілеген отбасыларды жан жылуымен жылытқаннан артық қандай қуаныш бар десеңші! Құрманғазы ауданына қарасты Құрманғазы ауылында апатты деп танылған 15 үйдің иелеріне жаңа пәтердің кілті табысталды. Ауыл келбетін айшықтай түсетін жаңа үйлер мұндағы тұрғын үй мәселесін шешудің тиімді жолы екенін айғақтайды. Мұның өзі – аудан үшін үлкен жетістік екені сөзсіз.Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Абат Жанғалиев  қатысып, тұрғындарды қуаныштарымен құттықтап, әрбір шаңырақтың шаттыққа бөленуін тіледі.

 –Жергілікті бюджет арқылы ресми түрде апатты деп танылған тұрғын иелеріне баспана кілтін табыстап отырмыз. Соңғы жылдары өңірімзде инфрақұрылымға, баспана мәселесіне, әлеу­меттік салаға көп көңіл бөлінуде. Алдағы уақытта халықты баспанамен қамту, көшіру сынды шаралар тұрғын үй құрылысының аяқталуына қарай жүзеге асатын болады. Биыл үй кезегінде тұрған 125 адамға жаңа үй кілтін табыстауды жоспарлаудамыз – деді аудан басшысы.

Халық игілігі үшін берілген баспанаға инфрақұрылым жұмыстары толығымен жүргізілген. Әр бөлменің іші кең, жылы әрі қажетті техникамен жабдықталған.

Айта кетейік, 2024 жылы аудан бойынша 35 үй берілсе, оның ішінде баспаналары апатты деп танылған 15 тұрғынға 2 пәтерлі 3 бөлмелі тұрғын үйдің кілті табысталды. Қазіргі таңда үй кезегінде 1285 адам тұр. Олар алдағы уақытта кезектілікке сәйкес баспанамен қамтылатын бо­лады.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT