"Жайлау той" мерекесі аталып өтті

(0 Votes)

Ресей Федерациясының Алтынжар ауданындағы "Құрманғазы" мәдени орталығында "Жайлау той" мерекесі аталып өтті.

Этномерекеге бес мыңға жуық адам жиналды. Алдымен театрландырылған көрініс тамашаланды. Мейрамның қонақтары "Бауырсақ-шоу" фестиваліне, "Қазақша күрес" қазақ күресі жарысына садақ ату, т.б. спорттық сайыстарға қатысты. Киіз үйді жинау шеберлік сағатын, қолөнер бұйымдарының көрмесін, құнды сыйлықтар лотореясын тамашалап, астрахандық балық сорпасының дәмін татып, түйе мен жылқыға мініп серуендеді. 

i

Бес сағатқа созылған концерттік бағдарлама шараның шырайын келдірді. Астрахан мемлекеттік ансамблінің мүшелері, орталықтың әртістері ән мен биден шашу шашты.  Адыгей Республикасының "Абреки" би тобы, Қазақстан Республикасынан Н.Жантөрин атындағы Атырау мемлекеттік филормонияның "Інжу Маржан" халықтық би ансамблі шараның қонақтары ретінде қатысты.

img_1262

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT