"Жайдарман" ойыны қорытындыланды

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде әзілсүйер көрермен асыға күткен аудандық "Жайдарман" қорытындыланды.

Тартысты финалдық ойынды танымал әзілкеш, Республикалық Жайдарман ойындарының қатысушысы "Құрманғазы" командасының капитаны Ринат Абулхайыров жүргізді.

Ернар Боранғалиев, Жалғас Сагындыхов, Арсен Нух, Елдос Құлшаров қазылық еткен сайыста "Алғыс хатпен" - "Теңіз жастары" [Гагарин ЖОМ] және "Абай LAND" [Абай ЖОМ] марапатталды.

Жүлделі ІІІ орынмен - "Бағатыйлар" [Ш.Уәлиханов ЖОМ];

ІІ орын - "Аргентина" [Пагфилов ЖОМ];

І орын - "Мақаш жастары" [Ә.Сәрсенбаев ЖОМ] иеленді.

Барлық қатысушы командалар ұйымдастырушылар атынан ақшалай сертификаттармен ұлығыланды.

Бір маусым бойы құрманғазылықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған барша командаларға, оларды дайындаған жетекшілеріне, қолдау көрсеткен ата-аналарына алғыс білдіреміз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521