Құрманғазы аудандық оқушылар үйінде тағы бір қызықты да көңілді күн өтті. Жазғы үйірмелер арасында «Жайдарлы жазға мың алғыс!» тақырыбында көңілді ойындар, флешмоб, сурет салу байқауы, дебат пікірталас ойындарымен қатар мерекелік шара өткізілді.
Мерекелік шараға «Асыл мұра», «Поэзия әлемі», «Сиқырлы бояулар», «Бал бармақ», «Гүл өсіріушілер мен әсемдеушілер», «Туған өлке өрнектері» үйірмесінің оқушылары қатысты. Мерекелік шараны аудандық оқушылар үйінің директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Мендигазиева жүргізіп, әдістемелік бөлім меңгерушісі А.Каржауова алғашқы құттықтау сөз сөйлеп, балаларға жазғы демалыстарының көңілді қызықты өткізілуіне, барлық арман тілектерінің орындалуына, әлемде бейбіт өмір болуына тілектестігін білдірді. Көңілді ойындардың өткізілуіне аниматорларда қонаққа келді.
Мерекелік құттықтаудан кейін балалар флешмоб билеп, әр үйірмеге саяхат жасап, көптеген қызықты мағлұматтар алып көңілді ойындар ойнап, жұмбақтар жасырылып, сурет салып, жапсырмалау жұмыстарын жасап, қолөнер бұйымдарын және тігін тігудің қыр сырларын білуге кірісті. Сонымен қатар «Туған өлке өрнектері» үйірмесінің жетекшісі А.Әділханова дебат пікірталас ойынын өткізді.
Осылайша аудандық оқушылар үйінің жазғы үйірмелері өз жұмыстарын бір күндік мерекелік шараға топтастыра білді. Жазғы демалыста оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізуге берілетін үлкен мүмкіндік жазғы үйірмелер. Мектептегі сабақта білім алып, ой өрістерін кеңейтсе, қосымша білім беру ұйымдарында балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымының кеңеюіне, жаңа білім, дағды, іскерліктерді игеруіне, көркем – эстетикалық сезімдері мен талғамдарының қалыптасуына, ұжымдық жұмыс дағдыларын игеруге ықпал жасап, кәсіптік бағыт-бағдар береді.
Осы аудандық оқушылар үйіндегі жазғы үйірмелердің бүгінгі жұмысы балаларға өте керемет көңіл күй сыйлап, әрбір сайыстардан оқушылар шапшаңдық танытып, белсенділіктерін, өнерлерін көрсетіп меркелік шара соңында нәтижелері есептеліп, қорытындыланды. Шараға қатысқан барлық оқушыларға аудандық оқушылар үйінің естелік сыйлықтары табыс етілді.