Жайдар чемпион атанды

(0 Votes)

Жақында Атырау қаласында 64 шаршылы дойбыдан облыстық чемпионат өтті.

Оған әр ауданнан келген 58 жасөспірім қатысып, бақтарын сынады. Дойбы жылдам шешім қабылдауды, әр жүрісіңе мән беруді, баспен жұмыс жасауды талап ететін ойын. Бір-екі рет қателессең, бәрі зая кетуі мүмкін. Асығыстық жасауға да, сылбыр қимылдауға да болмайды. Осыны түсінген жас дойбышылар жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріну үшін бар күш-жігерлерін салды. Солардың бірі Шортанбай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Шалхар Жайдар Артурұлы. Жайдар қарсыластарының бәрін ұтып, айқын басымдықпен чемпион атанды. Кішкентай бүлдіршін өзіне артылған сенімді ақтап, ауданымыздың абыройын асқақтатты.

Ауданымыз болса тағы бір чемпионмен толықты. Оның жеңіске жетуінде осы ойынға баулып жүрген жаттықтырушысы Ернар Қаражановтың да еңбегі зор.

Жасөспірім Жайдардың жеңісті жолы алға қарай да жалғасып, еліміздің даңқты спортшыларының бірі атануына тілектеспіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT