Жаңаталап округі бойынша 2023 жылды қорытындылауға арналған " Үздіктер - құрмет төрінде " атты мәдени шара өтті.
Шарада әр мекеменің үздік деп танылған қызметкерлері Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Бралиев Сұңғат Мұхамбетжанұлының алғыс хатымен, естелік сыйлығымен марапатталды.
Марапатталушыларды атай кетсек: Сағындихов Назымбек ағамыз «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскері ардагерлері» Республикалық қоғамдастығы бірлестігінің төсбелгісімен марапатталды.
Иманғалиева Сұлушаш анамыз Ауылымыздағы мәдениет үйінде өтетін қандай да болмасын шараларда әрдайым көрермендер ортасынан табылатын Сұлушаш апамыз «Үздік көрермен» номинациясымен марапатталды.
«Үздік мемлекеттік қызметкер» номинациясымен Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Сапарова Салтанат марапатталды.
«Үздік жетекші» номинациясымен Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Қарлығаш» би тобының және балалар театрының жетекшісі Мадекешова Клара, «Үздік тәрбиеші» номинациясымен «Нұрбөбек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Күзембаева Бибігүл, «Үздік медицина қызметкері» номинациясымен Хиуаз дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі Исмагулова Әлия, «Үздік әлеуметтік қызметкер» номинациямен Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкері Аймақова Зухра марапатталады.
«Үздік почта қызметкері» номинациясымен Хиуаз байланыс торабының қызметкері Рамазанова Гүлназ, «Үздік мәдени қызметкер» номинациясымен Жаңаталап ауылдық клубының әртісі Жұмалиева Гүлзада, «Үздік әнші» номинациясымен «Дәулеткерей атындағы балалар музыка мектебінің» ұстазы, дәстүрлі әнші Кудярова Құралай, «Үздік режиссер» номинациясымен «Зәмзәм Исмагулов» атындағы халық театрының режиссері Саламатов Самат, «Үздік мал дәрігері» номинациясымен Жаңаталап ветеринарлық пунктінің мал дәрігері Муфтахиденов Назар, «Үздік Қазақтелеком қызметкері» номинациясымен Хиуаз ауылдық «Қазақтелеком» қызметкері Хайруллин Нұрберген, «Үздік электрик» номинациясымен «Атырау Жарық» ЖШС мекемесінің қызметкері Исағалиев Есен, «Үздік су арнасының қызметкері» номинациясымен «Құрманғазы су арнасының» ЖШС қызметкері Алипов Батырбек, "Үздік ерікті" номинациясымен Хиуаз ауылының еріктісі Молдағалиев Сәрсенбай, «Үздік қоғамдық қызметкер» номинациясымен Жаңаталап ауылдық әкім аппаратының қоғамдық қызметкері Айдынғалиев Ерген марапатталды.
Шара клуб қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Марапатталушыларды құттықтаймыз! Елге еңбегі сіңген үздіктеріміз көп болсын!
Жаңаталап Ауылдық Округі