ЖАҢАТАЛАП АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

(0 Votes)
Жаңаталап ауылдық округі мәдениет үйінің басшысы болып Жұмағазиев Берік Қазымбекұлы тағайындалды.
 
Жұмағазиев Берік Қазымбекұлы 12 қаңтар 1972 жылы Дәшін ауылында дүниеге келген.
 
1979 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке оқуға барып,1987-1990 жылдары ПТУ-12 училищесінде оқыған.
 
1990-1992 жылдары Әскер қатарында борышын өтеп, әскерден келгеннен кейін 1995 жылға дейін әр салада жұмыс жасаған.
 
1995-1999 жылдары Маңғыстау облысы, Жаңа Өзен қаласында мұнай саласында қызмет атқарған.
 
2000 жылдан бастап Киров халық театрында суретші, режиссері болып, 2006 жылға дейін жұмыс жасаған.
 
2006-2007 жылдары әскерлендірілген теміржол күзетінде қызмет атқарған.
 
2008 жылдың 13 тамызынан бастап Байда селолық клубының меңгерушісі, осы жылдың 1 желтоқсанында Калинин селолық мәдениет үйінің директоры лауазымына тағайындалған.
 
2010 жылдың 11 қаңтарында Теңіз халық театрының режиссері қызметіне ауысып, оны 2011 жылдың 17 мамырына дейін атқарып, сол күннен бастап аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің директоры қызметіне тағайындалып, 2012 жылға дейін атқарған.
 
2012 жылы Морской ауылдық мәдениет үйі директоры қызметіне тағайындалып, кейін Ақкөл ауылдық мәдениет үйі директоры болып, 2013 жылға дейін қызмет жасаған.
 
2013 жылы Калинин ауылдық мәдениет үйі директоры қызметіне ауыстырылды. Бұл қызметті 2017 жылдың наурыз айына дейін атқарып, «Орлы» халық театрының режиссері қызметіне ауысқан.
 
2022 жылы тамыз айынан бастап күні бүгінге дейін Ақкөл ауылдық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарып келді.
 
2025 жылдың 21 сәуірінен бастап Жаңаталап ауылдық мәдениет үйінің директоры қызметіне тағайындалып отыр.
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT