Наурыз — мезгілдің, жылдың жаңаратын уақыты ғана емес, адамның да жандүниесінің тазарып, "не тындырдым?!" деп өткен жылға қайырыла қарайтын тұсы.
"Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Бүгінгі атаулы күнге орай С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі қызметкерлері мекеме алаңына тал егіп, көгалдандыру жұмыстарын бастап кетті.
Алдағы уақытта да бұл жұмысты ауа райына орай ыңғайластырып, көшет санын көбейту жоспарда бар.