Жаңа жобаның жұмысы талқыланды

(0 Votes)

Атырау облысы Құрманғазы аудандық Аналар кеңесі  мен кеңес  жанындағы  Ақпараттық түсіндіру тобы бірігіп, республикалық "Салауатты сана" жобасы аясында  "Ұрпақтың болашағына қауіпті бес әлеуметтік кесел" тақырыбында вебинар  өткізді.

Вебинарға аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімінің  мамандары, аудандық Аналар кеңесі мүшелері, округтердің кеңес төрайымдары, медиаторлар, жастар ресурстық орталығының басшысы, түрлі  Аналар клубтарының  жетекшілері  қатысты .  Облыстық мәслихат депутаты, аудандық Аналар кеңесінің мүшесі,  "Жансая" көшбасшы аналар клубының, АТТ-ның  жетекшісі Замзагүл Оңдасынқызы вебинардың модераторы болып , шараны жүргізіп отырды. Аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенқызы "Салауатты сана" жобасына таныстырылым жасады.  Жалпы оның мақсаты - ҚХА Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана- мәдениетті ұлт» жобасы аясында қоғамның бес кеселімен жүйелі күрес жүргізу, алдын-алу.

Спикерлер  Ұлмекен Қибатоллақызы  "ҚР қолданыстағы Заң нормалары және өзгерістер туралы", Замзагүл Оңдасынқызы "Ысырапшылдық-қоғамның тұрақты дамуына кедергі", Балжан Амангелдіқызы "Вандализм және  бұзақылық" тақырыптарында  баяндамалар жасап, жобаның тақырыптарын жан-жақты ашып берді. Кері байланыста қатысушылар пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты. Вебинар қорытындысымен алдағы жұмыс түрлері талқыланды. 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521