Президент Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл Қазақстанның жаңа инновациялық серпін алуына мүмкіндік береді. Цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру – жастардың кәсіби біліктілігін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге де ықпал етеді. Осы бастамалардың барлығы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, Қазақстанды дамыған мемлекеттер қатарына қосуға қызмет етеді деп сенемін.
Замзагүл Оңдасынқызы,
облыстық мәслихат депутаты