Жаңа мекеме жұмысқа кіріседі

(0 Votes)

«Amanat» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық  бақылау  комиссиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша  жылды қорытындылаған отырысы өтті. Отырысты  комиссия  төрағасы  Есболат Құбашев жүргізді.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Нурия Баймұханова: – Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2025 жылға 40 іс-шара жоспарланған. Жыл қорытындысымен орындалғаны 33 іс-шара, 1-і орындалу сатысында. Алтауының  орындалмау қаупі бар. Бұл жөнінде облыстық  «Amanat» партиясына хаттар жолданған болатын. Дегенмен, ұсыныс хатқа жауап келмеді, – деп сайлауалды бағдарламасының  16-шы, 21-ші, 40-шы тармақтарын  алып тастауға, 39-шы, 44-ші тармақтарына өзгеріс енгізуге  ұсыныс жасалғанын айтты.

Хабарламашыға комиссия мүшелері Ерлан Хисметуллин, Есболат Құбашев, Болатбек Өтегенов тарапынан сұрақтар қойылды. Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Руслан Сиражев Қошалаққа су тарту жөнінде ЖСҚ жасалғанымен, қаржылай қолдау таппағанын жеткізді. «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ерлан Уәлитханұлы сайлауалды бағдарламасынан  Ниетбай мен Қошалаққа су тартуды алып тастау, орман шаруашылығының гектарын азайту жөнінде жаңа жылда облысқа барып қайтқалы отырғанын қаперге берді. 

Келесі кезекте партия мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты Болатбек Өтегенов сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарған жұмыстары жайлы хабарлама жасап, 60%-ға орындалғанына тоқталды. Атап айтсақ, қоқыс алаңын қоршау, РТС ауылына ойын алаңын салу, көшелерін  жарықтандыру 50-70 пайызға жүзеге асқан. Білім беру саласына қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл ішінде 2 депутаттық сауал жолдап, жауабын алған. «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ерлан Хисметуллин депутатқа әлеуметтік желіде белсенділігін арттыра түсуді тапсырды. Қоқыс жинауға қатысты туындаған  сұрақтарға  жауап берген аудандық  экономика және қаржы бөлімінің басшысы Нурия Баймұханова, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Руслан Сиражевтің айтуынша  қазір «Таза Құрманғазы» коммуналдық мекемесі ашылған, 2026  жылы өз жұмысын бастайды.

Қанат ҒҰМАРОВ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT