Жаңа кітап шығады

(0 Votes)

Аудандық музейде «Өренді өлкетанушы» клубының  мүшелері  кезекті  жиналысын  өткізді. Бұл жолы   үш  бөлімнен, бірнеше  тараулардан  тұратын «Тағлымды  лебіздер  жинағы» атты  жаңа кітапты  шығару  талқыға  түсті.

Қазақстан Жазушылар  одағы  аудандық «Теңіз»  филиалының  және  «Өренді  өлкетанушы»  клубының  төрағасы, Атырау облысы және  Құрманғазы ауданының Құрметті  азаматы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, академик-жазушы  Өмірзақ Қажымғалиев  клуб тарапынан  шығарылғалы  отырған  төртінші  кітаптың  жобасын  таныстырып, қатысушылардан ұсыныс-пікірлерін ортаға салуларын  сұрады. Сонымен қатар,  «Киелі  мекен, қасиеттi  өлке-Құрманғазы» атты тарихи-танымдық кiтаптың ІІ және ІІІ томын Құрманғазы аудандық мұрағат басшысы Гүлжеміс Қалиеваға, «Өренді өлкетанушы» клубының төсбелгісі мен куәлігін аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжанат  Қалиеваға, құқық  қорғау  саласының ардагері Ғизатолла Мүрсалиевке, Құрманғазы ауылдық  округінің  әкімі  Абдуррахман Мусаға табыс  етті.  

Қазақстан  Жазушылар одағы аудандық «Теңіз» филиалының және «Өренді өлкетанушы»  клубының  төрағасы Өмірзақ Қажымғалиұлы: – Жаңа кітаптың І бөлімінің І тарауына бірлікке бастайтын, сыйластықты дәріптейтін, елге қызмет жасауды парыз деп білетін даналық сөздер енеді. Дайындаушы авторлар тобы – Гұмаров Асқар,Сағыпазова Зерек, Жанизин Есмұхан, Бектемиров Елдос, Есенгазиев Өмірболат, Хамитова Ақтілек. ІІ тарауына  ұшқыр ойлар, тапқыр пікірлер жиынтығы, өмір салтымызға  сай  ұстамды мақал, өнегелі  мәтелдер  топтастырылады. Мұның дайындаушы авторлары – Нұрлығайын Нұғманов, Иманғалиев Ұлан, Мұқашов Ғалымжан, Хасенова  Балғаным, Матыбаев Мәлік. ІІІ тарауына бірін-бірі көтеретін, намысына тимейтін, өзгеге өнеге болар әзілдер жинақталады. Авторлар тобы – Дәрелов Таңатар, Мұқашов Алмас, Теміров Бақыт, Мұфтахов Шафхат. IV тарауы  еңбекті, өнерді дәріптейтін одаларға арналады. Оны жинақтап дайындайтындар Ғұмаров Жұмақай, Хасанова Жамал, Каменова Алтын, Сүйінова Күнсұлу, Сұлтанов Сабыржан, Сатыбалдиев Асқар, Сауменов Руслан, Шаяхметов Мұқар. V тарауда адамгершілік жолындағы шағын мысалдар шоғырланады. Бұл тараумен айналысатын авторлар – Сұлтанияев Рифхат, Абулхайров Жеңіс, Кенжебаев Бержан, Мусина Анар, Жүгінісов Болат, Ғайнетов Ержан, – деп кітаптың  ІІ және ІІІ бөлімдерінің мазмұнына қысқаша  тоқталды. 

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, өлкетанушы, ақын Нұрлығайын Нұғыманов:  – Кітаптың маңызы, үлкен мазмұны, тәрбиелік мәні, атауы тартымды болуы қажет. Екіншіден қалай-солай құрастырылмауы, шала кітап болып шықпауы  тиіс. Оған ауыл арасында жүрген шымшымалар емес, ұлағатты ой тастайтын шығармалар енгені дұрыс. Сонау Майқы бидің, оның бергі жағындағы ойшылдардың айтқан сөздері бар. Жақсылап іздену үшін уақыт белгілеген жөн. Бұл бірер ай немесе бірнеше апта ішінде бітетін жұмыс емес,  – деген өз пікірін ортаға салды. 

Осындай пікірлер клуб мүшелері Таңатар Дәрелұлы, Асқар Ғұмаров, Есмұхан Жанизин, Ғизатолла Мүрсалиев, Өмірболат Есенғазиев, Балғаным Хасенова және басқаларының тарапынан да айтылды. «Өренді өлкетанушы» клубының жиынын оның төрағасы Өмірзақ Қажымғалиев қорытындылап, клуб мүшелері тарапынан айтылған материалдар дайындау үшін үлгі жасау ескерілетінін, тарау жетекшілері өзара ақылдасып оны әзірлеуі керектігін, кітап  қазан айының 1-ші жұлдызына дейін дайын болуы қажеттігін айтты. Арнайы штаб құрылып айына кем дегенде  2 рет, қалыпты жағдайда 3 рет жиналып  отыратынын қаперге берді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT