Жағымды жаңалық!

(0 Votes)

Адамның табиғатында мұқтаж адамдарға көмектесуге деген ұмтылыс бар. Қайырымдылық жасау үшін, бай адам болудың қажеті жоқ, тек үлкен жүрек пен тілек қана жеткілікті. Бұған жаңаталаптық жастардың игі ісі дәлел.

zhomart-zhandar-telefon-sylady

Еліміздегі карантин жағдайына байланысты, оқушыларды қашықтықтан оқыту, онлайн режимде сабақ жүріп жатқаны баршамызға мәлім. Хиуаз ауылында отбасында барлық балаларға телефон алуға мүмкіндігі жоқ кейбір отбасылар бар. Соған байланысты ауыл жастары жұдырықтай жұмылып, спорттық саладан жастар арасында кіші аяқ добынан футбол қайырымдылық турнирін ұйымдастырды. Сондай-ақ, ауыл жастары қаржылай көмек көрсетіп екі ұялы телефонын алып берді. Оған қоса, жастардың ісін қолдап, Жаңаталап ауылдық округі ұжымы бір телефон, қай істің де басы-қасынан табылатын үнемі қайырымдылықты ту еткен депутат Нұрлан Құсайнов ағамыз да бір телефонмен көмек қолын созды. Ауылдан түлеп ұшса да, үнемі ауыл жастарын назардан қалдырмайтын азаматтардың бірі Өркен Тәжібаев бір телефонмен қолдау білдіріп, барлығы 5 отбасын қамтамасыз етті.

«Адамдарға үнемі қуаныш сыйлап, жақсылық жасау – ең сауапты іс. Сондықтан да, бұған жастардың бой көрсетуі, жастардың бастау алуы қуантарлық. Балаларыңыз енді сабақ үлгерімінен қалмай, жақсы оқиды деген сенімдемін»-деп, мұқтаж отбасылардың балаларына телефондарын, округ әкімі Олжас Тажбаев табыстады.

Риза болған отбасылар жастарға және қайырымдылық шарасын қолдау көрсетіп, ұйымдастырған азаматтарға алғыстарын жаудырды.

«Оң қолың жасаған жақсылықты, сол қолын көрмесін»-деген қазақта аталы сөз бар. Сондықтан да, жақсылықты жария қылып масаттану емес, жақсылықтың жаршысына жастардың бастау алғаны ерекше қуантады. Қайырымдылық көрсетуде тек мұндай жағдай емес, көптеген игі істерде жастарымыз үнемі атсалысады. Оны бәрін жіпке тізгендей бірін айтсақ, бірін айта бермейміз. Сондықтан да, жастарымыз осылай үнемі игі істермен айналысса, жақсылық жасаудан жарысса, сауапты істерге ұмтылса нұр үстіне нұр болар еді. Сондай-ақ, артынан өсіп келе жатқан жас буынға үлгі болып, жастарымыз жақсылық жасаудан жарысып жатса, елдің айтары – тек қана алғыс болмақ!..

Жаңаталап ауылдық округі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521