Жақсы аяқтап шықтық

(0 Votes)

Құрманғазы ауылдық округі бойынша аудандық «Serper» қоғамдық-саяси газетіне 2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу болжамы 900 дана болса, ол артығымен орындалып, межеден шықтық.

Мемлекетіміздің  саясатын жергілікті жерде таратып, аудан жаңалықтарын тұрғындарға паш етіп, келеңсіздіктерді көрсетіп отыратын мерзімді басылымдарға жазылу көппен бітетін шаруа. «Көл тамшыдан құралады», дегендей ауыл тұрғындары осы іске белсене араласып, межеден шығуымызға  атсалысты. Осы орайда заманмен бірге жасасып келе жатырған төл басылымымызға жазылуда ұйымшылдық танытқан аудан орталығындағы мекемелердің басшылары мен ұжымдарына, аз қамтылған отбасыларына демеушілік жасаған барша жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары иелеріне шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Абдуррахман Муса, округ әкімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT