Жаңаталаптық кәсіпкерлер азық-түлікті Астраханнан тасымалдауда

(0 Votes)

Жаңаталап ауылдық округінде күні бүгін алты азық-түлік дүкені жұмыс жасап тұр екен.

Жеке кәсіпкерлер Жұпар Тәжібаеваның «Шұғыла», Айнагүл Құбаеваның «Сәтті», Ғабдулмәжит Батырғалиевтің «Құралай», Амангелді Дәулетовтің «Ырысбек» Күләш Изимованың «Ақбөбек», Ерғалиев Өмірбектің «Дәулет» дүкендеріндегі азық-түлік бағасы тұрақты, дүкенннің ішіне залалсыздандыру жұмыстары жасалып, тұтынушылар кезекпен кіреді. Дүкеншілер бетперде және медициналық қолғаптармен қамтылған.

img_9444

Жеке кәсіпкер Самал Құбаева еліміздегі төтенше жағдайға байланысты меншігіндегі екі дүкенін уақытша жауып, «Газель» автокөлігімен ауылдастарға қызметтерін ұсынуда. Оларға қолдау білдіру мақсатында азық-түлік өнімдерін арзан бағаға сату үстінде. Айтар болсақ, мұнда 50 келілік ұн 7500, 25 келілігі 4500 теңгеден тұр. Бір қапшық 25 келілік құмшекерді 4700, 5 келілігін 1000 теңгеден, 5 келілік макарон өнімдерін 1150 теңгеден саудалап жатыр. Сондай-ақ, қырыққабаттың келісі 100 теңге, картоптың ірісі - 140 теңге, уағы - 100 теңге, қызанақ - 550 теңге, қияр - 400 теңге, өсімдік майының 5 литрлігі 1650 теңге. Осындай қолжетімді баға болғасын тұтынаушылар да соның айналасында.

img_9451

Округ әкімі Олжас Тәжібаев бізбен әңгімесінде бұл жайында бірер мағлұматпен беріп өтті. - Кәсіп иесі Самал азаматы Мұхтармен бірге азық-түлікті Астраханнан тасымалдайды, қазіргі жағдайда дүкеннен саудалағаннан гөрі осыны тиімді көріпті. Бағалары да қалтаға соқпайды, соған сай тауарлары да өтімді. Таусылып жатса зыр етіп барып алып келеді. Бұл жағынан екеуі ерлеп тұр, жалпы қолдары ашық, қайырымды жандар. Біреуге көмектерің қажет еді десең алып-ұшып тұрады.

А.Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT