Елбасымыздың бастамасымен "Nur Otan" партиясы қолға алған "Біз біргеміз" акциясы еліміздің түкпір- түкпірінде қолдау тауып, жоғарғы қарқынмен жалғасуда.
Акция басталғаннан бері округімізде қайырымдылық шарасына қатысушылардың қатары көбеюде. "Жақсының жақсылығын айт нұры тассын" демекші "Nur Otan" партиясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Меңдіғалиұлы әдеттегідей қол ұшын созды яғни кейбір мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасыларына тегін азық-түлік таратты.
Округіміздегі "Еріктілер" тобынан құралған ел азаматтары бірлесе округ әкімі Олжас Сержанұлының ұсынысына сай ақпараттық құралдары жеткіліксіз үш отбасына сенсорлы телефон алып беріп қаржылай көмек ұйымдастырды.
"Хиуаз иман жастары" тобынан құралған азаматтар да екі қой малының етін 8 отбасына азық- түлігімен бірге таратып берді. Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің директорының міндетін атқарушы Қаменова Алтынның бастамасымен мектеп ұжымы бірлесіп 24 отбасындағы 63 оқушыға телефондарына (актив) бірлік салып және бір оқушыға телефон алып беріп қуантты.
"Біз біргеміз" сөзі, бұл халқымызды талай қиындықтан аман алып шыққан өмірлік ұстанымыз. Сондықтан осындай уақытта бір- бірімізге қайырымдылық жасау азаматтық борышымыз, қанға сіңген қасиет.
Жаңаталап ауылдық округі