Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз - әлемдегі ең құдіретті сөз.
Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздік бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Жас ұрпаққа өз туған жерін,Тәуелсіздігін мақтан тұту мақсатында Жаңаталап ауылдық клубы "Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік" атты жас суретшілер байқауын ұйымдастырған болатын.
Байқаудың қорытындысы бойынша Рахметолла Жанерке - 1 орын, Қуанышқызы Альмира - 2 орын, Хатим Назлым, Тұрланов Аманат, Мәдениет Данабек - 3 орындармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды. Еліміздің болашағы жарқын болсын! Марапаттарыңыз құтты болсын!